22.02.2022, 12:20

Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов 2 айға қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден
Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайтыны айтылды.

Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында. 

Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайтыны айтылды.

Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.