Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев ел туризмін дамыту жолдарына тоқталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
– Ең бірінші – инфрақұрылым. Мысалы, қазір осы жерден кез келген өңірге велосипедтен бара алатын болсақ, онда ол туризмді дамыта алады. Яғни инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласын дамыту қажет, - дейді министр.
Абаев Қазақстан туризміне қандай баға беретінін де айтты.
– Қазіргі уақытта еліміздің туризміне 5 балдан 3 балл беруге болады деп ойлаймын. Қызық орындар, баруға тұрарлық, бір-біріне мүлде ұқсамайтын жерлер бар. Бізде бәрі бар: таудан тасқа дейін, орманнан шөлге дейін. 5 балға жету үшін инфрақұрылым мен сервисті дамытуымыз керек, – деді ол.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.