Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қызметінен босатылғаны туралы белгілі болды.
Бұл туралы қоғам қайраткері, HAQ қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева Facebook парақшасында хабарлады.
«Тұрғымбаевты алып тастады.. Жаңалық үшін бір досыма рахмет», - деп жазды HAQ қозғалысының жетекшісі.
Бұл кадрлық шешім туралы ресми мәлімдемелер жоқ.
Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлердің жұмысы азаптау туралы көптеген арыз-шағымдардың кейбірі расталған, сондай-ақ негізсіз қамауға алу фактілеріне байланысты қоғам тарапынан сынға ұшырап, наразылық тудырды. Қанды қаңтардан кейін бірден ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау органының қызметінен босатылмаған жалғыз басшы болды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.