Жаңалықтар 23.02.2022 сағат 10:00

Әбдіжаппар Әлқожа 30 мың адамға көкпар беріп, ұлдарына дүркіретіп той жасады

Әбдіжаппар Әлқожа бұрын-соңды болмаған той жасады. Ұлдарын сүндетке отырғызған әнші Жетісай өңірінде 30 мың адамдық көкпар ұйымдастырды.
Әбдіжаппар Әлқожа 30 мың адамға көкпар беріп, ұлдарына дүркіретіп той жасады
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлқожа Ахмад-Әли және Расул есімді екі ұлын сүндетке отырғызды. Осы ретте әнші күндіз 30 мың адамдық көкпар ұйымдастырып, кешке дүркіретіп той жасады. Өнер иесі тойды ерекше датаға (22.02.2022) белгілеген, деп хабарлайды stan.kz. 

Әлеуметтік желіде Әбдіжаппардың әріптестері дүбірлі тойда түскен суреттері мен алған әсерлерін бөлісуде.

"Бұл тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда" деп шуласты көкпарға қатысқандар.

"Тарихта қалатын көкпар, ел есінде жүретін той боп жатыр! Дүбірлі думанға біз бен сіз куә болдық. Әбдіжаппар бауырым қазақ пейілінің кеңдігін көрсетті. Мұндай тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда! Әбдіжаппар бауырым, қуаныш себепшілері болған перзентіңмен 1000 жаса!" - деп бөлісті тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан. 

"Өнерде жүргендер бір-бірімен көрісіп амандасу бөлек, тойына да ұят болмасынға салып келетініміз бар кейде.Дегенмен @abdizhappar_alkozha бауырым екеуіміз күнде көріспесек те, бір-бірімізге шын тілектес екенімізді көрген сайын айта алатын адамдармыз.

Жетісай өңірінде күндіз 30 мың халық жиналған бата көкпар тойың, кешке ұлдарыңа берген сүндет той құтты болсын.Бұл тойға да тілектеспін", - деп ақ тілегін білдірді әнші Ғазизхан. 

Әлқожаның тойына "Музарт" тобынан бастап, Нұрболат Абдуллин, Еркін Нұржанов, Ғазизхан Шекербеков сынды көптеген елімізге белгілі жұлдыздар қатысты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар