$ 444.22  476.38  4.82

Педофилдерге наурыздан бастап электронды білезік байланады

Электронды білезікті бүлдірген жазасын өтеушілер жауапқа тартылатын болады.
sudak.rk.gov.ru
sudak.rk.gov.ru

Наурыздан бастап шартты түрде сотталғандар мен педофилдер электронды білезік арқылы қадағаланатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, жаңа әдіс наурыздың  бірінен бастап қолданысқа енеді.

«Сотталған адамды жеке есепке қою кезінде немесе жазаны орындау кезеңінде оның жеке мәліметтерін қамтитын құрылғы қолданылатын адамдардың тізімі жасалады. Егер үкім бас бостандығын шектеуге ауыстырылған болса, сотталушыға электронды бақылау құралы үй жағдайында тағылады. Оны бір жыл мерзімге ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Электронды білезікті бүлдірген жазасын өтеушілер жауапқа тартылатын болады», – делінген ресми хабарламада.

Ішкі істер министрлігі биыл түрмеден шыққан 330 педофилге электронды білезіктер кигізбек. Бұл мақсатқа бюджеттен 356 миллион теңге бөлінді. Былтыр бұл қанатқақты жоба аясында 80 адамға электрондық білезік тағылған болатын.

Айта кетсек, қазір Қазақстан түрмелерінде кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін сотталған 2 мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары