$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда АЭС салуға қанша қаражат жұмсалады?

ҚР Энергетика министрлігі атом электр стансасын салуға қажетті ықтимал соманы жариялады.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Энергетика министрлігі атом электр стансасын салуға қажетті ықтимал соманы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қуаты 1000-1200 МВт болатын бір энергоблоктың құрылысына шамамен 5 миллиард доллар кетеді. Нақтырақ соманы нақты жеткізушіні анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана айтуға болады. Бұған көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ сома шамамен осындай", - деді ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов.

Оның айтуынша, қаржыландыру көзі де келіссөздер барысында анықталады, өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі тетіктері бар.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР Энергетика министрлігіне қарасты электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев АЭС-тің тиімділігі туралы айтқан еді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары