Танымал әнші Қайрат Нұртас өзін енді кассир ретінде де сынап көрмек. Ол Алматыда өтетін «инновациялық концертіне» билеттерді өзі сатпақшы. Осылайша ол сатылымды жылдамдатуды көздеп отырған көрінеді.
«02.12.2016 күні сіздерді 14:00-ден 17:00-ге дейін "Республика сарайы" кассасында күтемін. ӨЗІМ КАССИР БОЛАМЫН. 21.12.2016 күні Алматы Аренада болатын əн кешіме билеттерді өз қолымнан сатып ала аласыздар. + SELFIE + АВТОГРАФ», — деп хабарлады әншінің өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас Шымкентте концерт беріп, өзінің үстіндегі бағалы костюмын концерт көруге келген науқас балалардың біріне сыйлаған болатын.