Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева утильалым мөлшерлемесінің 50 пайызға төмендегеніне қатысты жаңалықты қуана қабылдағандардың бірі. Бұл туралы ол өз пікірін Skifnews.kz ақпарттық порталына берген сұхбатында айтты.
«Қауымдастық құрамына ресми өндірушілермен қатар көлік құралын импорттаушылар да кіреді. Өндірушілер үшін ахуал еш өзгермейді. Өйткені, көлік құрамының құнына кәдеге жарату алымы қосылмаған. Өндірушілеріміз де заңнамаға сай кәдеге жарату алымын төлеуге келіседі. Олар да кәдеге жарату алымын төлеушілер саналады. Одан кейін кәдеге жарату алымы қаражатын жинаумен айналысатын оператор дәл сол соманы соңғы тұтынушыға утильалым төлемі қосылмауы үшін қайтарып береді», - деп атап өтті Анар Мақашева.
Сонымен қатар, Анар Мақашева утиль алымынан түскен қаражаттың жеңілдікпен, жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру бағдарламасына жұмсалатындығына тоқталып, мұның халық үшін оң шешім екенін атап өтті.
«Өйткені, Қазақстан нарығындағы жаңа көлік сатып алуға қатысты орташа мөлшерлеме шамамен 17-25, тіпті кейбір компанияларда 40 пайызға дейін жетеді. Ал жылдық 4 пайыздық мөлшерлеме - жаңға көлік сатып алу үшін қолжетімді қаржылық бағдарлама. Бұл тіпті бөліп төлеуден де тиімдірек»,- деді маман.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.