24.02.2022, 11:20

Доллар бағамы 450 теңгеге жетті

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 100 доллардан асты.

Қаржы нарығында теңге құлдырап, 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны 445 теңгеге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кей ақша айырбастау пункттерінде доллар бағасы 450 теңгеге жетті. Сарапшылар жағдай бұлай жалғасса, көрсеткіш 456 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін айтады.

Қаржы нарығында мұнай бағасы да өскен. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 100 доллардан асты.

Айта кетейік, Ресей Украинада арнайы операция бастаған еді. Орын алған жағдайдан кейін АҚШ президенті тиісті жауап берілетінін мәлім еткен.

 

Тегтер: доллар өсті