Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады.
"Саяси кеңес бюросының қаулысымен Nur Otan партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді", - деп жазды Оралов фейсбукте.
Айта кетері, бүгін Nur Otan партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.