25.02.2022, 18:20

Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры сирек ауруға шалдыққан балаларды емдеуге арналған алғашқы қайырымдылық жобаларын қаржыландыруды бастады

Фото: Tengrinews.kz
"Тұсаукесер" жобасы Қазақстан өңірлеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын қолдауға бағытталған.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры алғашқы қайырымдылық жобаларын қаржыландыруды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  қорға сілтеме жасап.

"Сараптама комитетінің шешімімен Қор реабилитолог-нұсқаушыларды оқыту және әлемдегі ең қымбат Zolgensma дәрісін сатып алу бойынша "Тұсаукесер" жобасын қаржыландырады", - делінген хабарламада.

"Тұсаукесер" жобасы Қазақстан өңірлеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын қолдауға бағытталған, онда ментальді және дене кемістігі бар балалар білікті мамандардың бақылауымен арнайы әдістеме бойынша спортпен шұғылдана алады. Жоба еліміздің төрт өңірінде нұсқаушы-реабилитологтарды оқытуды көздейді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.