Бүгін, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшының қарсласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді.
Айта кетейік, бұл - Қанаттың карьерасындағы алғашқы жеңілісі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.