$ 494.87  520.65  4.91

Теміртау судьяларының әрекетінде әдеп бұзу деректері анықталды

Қарағандыда судья Айжан Шаяхметова мен Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашевқа қатысты қызметтік тергеу аяқталды
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда судья Айжан Шаяхметова мен Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашевқа қатысты қызметтік тергеу аяқталды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Судьялар одағының Қарағанды облыстық филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясы, Қарағанды облыстық соты төрағасының міндетін атқарушының ұсынысын және Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашев пен осы соттың судьясы Айжан Шаяхметоваға қатысты Жоғарғы Соттың қауіпсіздік қызметін тексеру материалдарын қарады.

"Комиссия судьялардың Судья әдебі кодексін бұзу дерегін мойындап, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін материалдарды Сот алқасына жіберу туралы шешім қабылдады.

Жоғарыда аталған тұлғалар бұл шешімді Қазақстан Республикасы Судьялар одағының орталық кеңесіне даулауға құқылы", - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары