$ 442.05  474.14  4.74

Ұлттық паралимпиада құрамасы Бейжіңге кетті

Қысқы паралимпиада ресми түрде 4 наурызда ашылып, 13 наурызға дейін жалғасады.
ulysmedia.kz
ulysmedia.kz

Отандық параспортшылар қысқы олимпиадаға жол тартты, деп хабарлайды ulysmedia.kz

sports.kz-ның мәліметінше, бүгін қазақстандық паралимпиадашылар Қытай астанасы Бейжіңге ұшты. Айтулы додада ел намысын Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев парашаңғы және парабиатлон спорты түрінен қорғайды. Бұған дейін еліміздің паралимпиада комитеті ұлттық құраманы жасақтап, спортшылардың жарыс кестесін жариялаған еді.

Бейжің-2022 паралимпиадасында көк туды шаңғы спорты түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады. Қысқы паралимпиада ресми түрде 4 наурызда ашылып, 13 наурызға дейін жалғасады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары