$ 494.87  520.65  4.91

1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

Тұрғындар дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек.
azattyqruhy.kz
azattyqruhy.kz

Биыл 1 наурызда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып саналады. Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаны берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

«Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек. Сондай-ақ қауіпті өндіріс объектілері мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі», - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ құлақтандыру жүйесін тексерудің мақсаты жабдықтарды әзірлікте ұстау және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғау екенін атап өтті.

Тұрғындар дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, әрі интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы одан әрі әрекет ету туралы ақпаратты оқуы қажет.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары