27.02.2022, 07:30

27 ақпан. Күн райына жасалған болжам

inform.kz
Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Қазгидромет 27 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды антициклон Қазақстанның барлық аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Тек еліміздің батысында Оңтүстік циклон шұңқырының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ күтілді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі,

ҚР-ның батысында, оңтүстігінде және шығысында желдің күшейюі күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда – тұман, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың батысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Тегтер: ауа райы