Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірлесіп теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.
Сонымен қатар, қазір сыртқы қаржы нарықтарындағы аса айқындалмаған шарттардың өзгеруіне қарай Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық вауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін.
Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың одан әрі режимі туралы ақпарат ресми коммуникация арналары арқылы уақтылы жеткізілетіні айтылды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.