$ 443.72  482.28  4.9

Белгілі публицист, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай қайтыс болды

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

Кенжеболат Жолдыбай ағамның да дәм-тұзы таусылыпты.  Ол Діни басқарманың игі бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп, жанашыр болып жүруші еді, - деп жазды ол  әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Кенжеболат Жолдыбай саясаттанушы, публицист ғалым, «Құрмет» орденінің иегері. Республикалық деңгейде қоғамдық және мемлекеттік қызметтерде айшықты қолтаңбасын қалдырған, тәуелсіздіктің тұғырын нығайтуға үлесін қосқан. 

Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ басқармасының басшысы, «Казахстанская правда» республикалық газеті бас редакторының орынбасары, «Заң АК» ашық акционерлік қоғамының Астана қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақпарат» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті сынды лауазымды қызметтер атқарған. 

 baq.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары