28.02.2022, 14:20

Енді зейнетақы жинағын баланың еміне пайдалануға болады

Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін баласының еміне пайдалануға рұқсат беріледі.
Денсаулық сақтау министрлігі емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін баласының еміне пайдалануға рұқсат беріледі.

Сонымен қатар алушы жұбайының және жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алады. Ол үшін тараптар алушының жеке кабинетінде некені немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттармен қоса, ЭЦҚ-мен куәландырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Өтініш беруші қорытындыны алғаннан кейін медициналық ұйымды (шетелдік ұйымды да таңдауға болады) таңдайды және шарттың сканерленген нұсқасын немесе төлем шотын әрі қарай бекіте отырып және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссияның қорытындысын қоса өткізіп, онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.

Емделуге ақы төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар:

1) қорытынды;

2) медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.

Медициналық қызметтерді шетелде алу кезінде деректемелерді (төлем шотын) және медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтерді көрсету туралы шартты (құжаттар шет тілінде жасалған жағдайларда нотариалды куәландырылған аудармасын қоса бере отырып) көрсете отырып, төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжатты ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұйрықтың жобасын Ашық НҚА сайтынан оқуға болады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.