28.02.2022, 20:30

Доллар 500 теңгеден асты

Фото: ашық дереккөзден
Бұл 25 ақпан, жұма, күнгі бағадан 50 теңгеге жоғары.

Алматының айырбастау пунктерінде доллар орташа алғанда 501, 17 теңгеден сатылып жатыр. Бұл 25 ақпан, жұма, күнгі бағадан 50 теңгеге жоғары.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пунктері долларды 500-502 теңгеден сатып, 495-497 теңгеден сатып алып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктері әзірге шетелдік валютаны сатуды тоқтатты, долларды олар 490-492 теңгеден сатып алып жатыр.

Бұл да 25 ақпан, жұма, күнгі бағамнан біршама жоғары. Сол кезде айырбастау пунктері долларды 457-460 теңгеден сатып алып, 462-463 теңгеден сатып жатты.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.