01.03.2022, 10:20

«Ресейлік банктердің SWIFT-тен ажыратылуы елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді» - Ұлттық банк төрағасы

Банктердің клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдары штаттық режимде жүзеге асырылады.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Ресейлік банктердің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстан ішіндегі төлемдерді жүргізуге әсер етпейді, елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді. Қазақстандық банктердің клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдары штаттық режимде жүзеге асырылады", - деді Пірматов Үкімет отырысында.

Ол SWIFT жүйесінен ажыратылған ресейлік банктердің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысудың балама тетіктері дайындалғанын айтты.