$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Оның сөзінше, ұйымды жаңғырту туралы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар.

Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Ең алдымен, баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерден мемлекеттілігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандасымызға зор ризашылық білдіремін, - деп айтты Тоқаев.

Оның сөзінше, ұйымды жаңғырту туралы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар.

1 наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырылды. Қоғамға пайдалы көптеген бастама көтеріліп, сайлаушылардың қолдауына ие болды, - деп толықтырды Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезінде.

 baq.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0