$ 448.89  477.93  4.76

Полиция Алматыда Z әрпі жабыстырылған көлікті тексеріп жатыр

Instagram желісін қолданушылардың бірі Stories-те артқы әйнегінде Z әріпі бар көліктің суретін жариялады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы полицейлері әйнегіне Z әрпі жабыстырылған көлікті тексеріп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІБ бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісін қолданушылардың бірі Stories-те артқы әйнегінде Z әріпі бар көліктің суретін жариялады.

Кадрларға қарағанда алматылық нөмірі бар жеңіл көлік Сәтбаев көшесінде суретке түсірілген. Сурет авторы Рустам Әбдірахмановтан көлік иесін табуды сұрады. ПД бастығының орынбасары суретке қатысты пікір білдірді.

"Осы дерек бойынша тексерісті бастадық. Автокөлік иесінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келе ме деген сұрақ бойынша тексеріс жүргізіп, сондай-ақ, әріпті жабыстыруының басты мақсаты қандай болғанын анықтаймыз", - деп түсіндірді Әбдірахманов.

БАҚ мәліметінше, Украинадағы арнайы операцияға қатысқан ресейлік әскери техникада да осындай белгі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары