$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда көлік құны шарықтайды

Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін.
ulysmedia.kz
ulysmedia.kz

Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін.  "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев осындай болжам айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпараттық порталы  LS сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елдегі көлік құны доллар бағамына тәуелді. Халықаралық қақтығысқа байланысты елде сатылатын көліктер америкалық валюта өскен сайын қымбаттауы ықтимал.

"Бізде ескі бағамен сатып алынған отандық автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектердің біраз қоры бар. Ол бірнеше айдан кейін таусылуы мүмкін. Сол кезде теңге бағамына байланысты елде құрастырылған көліктердің де бағасы өседі деп күтілуде", – деп түсіндірді ол.

Владивосток (Ресей) арқылы логистикаға келетін болсақ, Несіпбаевтың айтуынша, жоспарлар әлі өзгерген жоқ. Барлығы әлемдік ойыншылардың шарттарына байланысты болмақ.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары