$ 494.87  520.65  4.91

Теңіз кен орнында алапат өрт болды

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Теңіз вахталық кентінде өрт болды. Атырау облысының ТЖД ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"1 наурызда сағат 16.40-та Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентіндегі ашық кәсіпорын аймағында өндірістік шлам өртеніп жатыр. Өрт сөндіру апаттық-құтқару қызметінің мәліметінше, болжам бойынша 200 шаршы метр өртеніп жатыр", - деді ТЖД өкілдері.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. 

"Құлсары қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Құлсарыдан қашықтық - 90 километр. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланатын болады", - деді департамент өкілдері.

"Теңізшевройл" баспасөз қызметі де жағдайға түсінік берді.

"2022 жылдың 1 наурызында "Теңізшевройл"ЖШС (ТШО) "Теңіз" өндірістік алаңынан тыс орналасқан Nasar Solution мердігерлік компаниясының өндірістік цехында өрт шыққан. ТШО-ның өрт сөндіру-апаттық қызметі дереу оқиға орнына шықты. Мердігер компанияның он бес қызметкері эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабардар. Осы оқиға бойынша сауалдарды Nasar Solutions немесе тиісті мемлекеттік органдарға жіберу керек", - деді ТШО өкілдері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары