02.03.2022, 09:20

Елдің қай өңірінде коронавирус жұқтыру дерегі көп?

tengrinews.kz
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 302 810-ға жетті.

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 01 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы есеп берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 260 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 302 810-ға жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 21, Алматы қаласында - 90, Шымкент қаласында - 2, Ақмола облысында - 9, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 8, Атырау облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 9, Қарағанды облысында - 27, Қостанай облысында -25, Қызылорда облысында -3, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 14, Солтүстік Қазақстан облысында - 28, Түркістан облысында - 0.

Қазақстанда 1 250 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 36, Алматы қаласында - 242, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 54, Ақтөбе облысында - 217, Алматы облысында - 93, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 41, Жамбыл облысында - 22, Батыс Қазақстан облысында - 166, Қарағанды облысында - 39, Қостанай облысында - 161, Қызылорда облысында - 3, Маңғыстау облысында - 15, Павлодар облысында - 68, Солтүстік Қазақстан облысында - 88, Түркістан облысында - 0.

Елімізде барлығы 1 270 379 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Сондай-ақ, екпе салу статистикасы да жарияланды. 2022 жылғы 1 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 390 070 адам, 2-компонентін 9 002 048 адам салдырды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.