Қазақстанда қазіргі уақытта әскерлердің жауынгерлік даярлығы аясында әскери техникалар бір жерден екінші жерге жылжытылып жатыр, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
"Қазақстанның Қарулы күштерінде жеке құрамның орнын ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру шаралары жоспарлы түрде өткізіліп жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.
Атап айтқанда, осы күндері қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің шәкірттеріне практикалық сабақ өткізу үшін Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді.
25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизонына, сондай-ақ Алматыдан Ақтау гарнизонына әскери техника жіберіледі.
1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, "Айша-бибі" полигонына және кері бағытта Қарулы күштерге тиесілі техникаларды жылжыту жоспарланып отыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.