"Осы әйелдің жұбайы ағымдағы жылғы 6 қаңтарда адамдар тобында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратына кіріп, одан 3 "Калашников" автоматтарын және тапаншаны ұрлап кеткен. Оның әрекеттері Қылмыстық Кодекстің 291-бабы бойынша қаруды ұрлау ретінде сараланады. Оған сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босату көзделмеген", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда ол атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сақтаған кезде оны ерікті түрде тапсырса ғана қылмыстық жауапкершіліктен босату шарасы қолданылатынын атап өтті. Қаруды сақтаудан басқа қылмыс құрамы болмауы керек. Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.