$ 444.22  476.38  4.82

Еуропада газ бағасы шарықтап кетті

Мұны Лондонның ICE Futures биржасының мәліметтерінен көруге болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Еуропадағы газ фьючерстерінің құны мың текше метрге 2 199 долларға (1 076 337 теңге) жетіп, рекордтық көрсеткіш орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz. Мұны Лондонның ICE Futures биржасының мәліметтерінен көруге болады.

РИА Новости сайтының жазуынша, сәуір фьючерсі ашылған кезде 1500 доллар көлемінде сатылып, кейін сәл төмендегенімен, көп ұзамай баға өсе бастап, Мәскеу уақытымен 11:58-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 14:58) 2226 долларға жетті. Бұл кешегіге қарағанда (1 396,5 доллар) 59,4%-ға жоғары.

Соңғы күндері Еуропада газ бағасы қатты құбылып тұр. Сарапшылардың пікірінше, газ бағасы Ресей президенті Владимир Путин ақпанның 21-і күні өзін тәуелсіз ел ретінде жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы жарлықтарға қол қойғаннан соң және 24 ақпанда Ресей Украинаны демилитаризациялау үшін арнайы әскери операция бастағаннан кейін күрт көтерілген.

Егер ақпан айының басында және ортасында фьючерстер мың текше метрге 800-1030 доллар аралығында саудаланса, айдың соңында күрт көтеріліп, 1650 долларға дейін жетті. Сарапшылар Еуропадағы газ бағасы бұдан да жоғарылауы мүмкін екенін болжап отыр.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары