$ 442.05  474.14  4.74

Украинада Зеленскийді өлтірмекші болған Қадыров полкі жойылды

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов президент Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған Қадыровшылардың жойылғандығын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов президент Владимир Зеленскийді өлтіруді жоспарлаған Қадыровшылардың жойылғандығын айтты.

UNIAN хабарлауынша, бұл телемарафон кезінде айтылған.

«Бүгін бізде президентімізді өлтірмекші болған Қадыровшылар тікелей жүргізетін арнайы операция толық белгілі. Ал бүгінде бұл қанды соғысқа қатысуға құлқы жоқ ФСБ өкілдерінен ақпарат алдық деп айта аламын. Осының арқасында президентімізді өлтірмекші болған Қадыровтың элиталық тобы жойылды деп айта аламын», деді Данилов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары