$ 447.4  477.55  4.76

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресей әскерін шығаруды талап ететін қарар қабылдады

Резолюцияны 141 ел қолдап, 5 ел қарсы болды, 35 ел қалыс қалды.
БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинадағы басқыншылығын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін резолюцияны қабылдады.

Резолюцияны 141 ел қолдап, 5 ел қарсы болды, 35 ел қалыс қалды. Қазақстан қалыс қалғандардың қатарында.

Қарсы болғандар – Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритерия.

Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан, Армения да қалыс қалды. Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан делегациясы дауыс бермеді.

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ қарарына дауыс берген елдерге алғыс айтты.

"Сіздер тарихтың дұрыс жағын таңдадыңыздар", -деп жазды Twitter желісіне.

Батыс елдері Мәскеудің Украинаға басып кіру әрекетіне қарсы қатаң санкциялар енгізіп жатыр. Бұл санкциялар Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр.

24 ақпанда Ресей президенті Путиннің бұйрығымен осы елдің әскері Украинаға басып кірген. Кремль мұны Украинаны "қарусыздандыру" және "ұлтшылдардан тазарту" үшін жасалған "арнайы операция" деп келеді. Ресей билігі "бейбіт тұрғындарға оқ атпадық, тек әскери нысандарды ғана нысанаға алдық" деген, бірақ қазірге дейін Киев, Харьков, Херсон және бірнеше қала шабуылға ұшырап, тұрғын үйлер қираған. Қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар бар.

Украина тарабы 5840 ресейлік әскери қызметкер опат болғанын мәлімдеді. Бірақ соғыс кезінде бұл деректерді тексеру өте қиын. Ресей қорғаныс министрлігі 2 наурызда соғыс кезінде 500-ге жуық әскерінің опат болғанын хабарлаған. Ведомствоның мәлімдеуінше, Украина жағынан 2,8 мың адам мерт болған.

БҰҰ Босқындар жөніндегі комиссарының баспасөз қызметі соғыс басталғалы Украинадан 835 928 адам босып кеткенін хабарлады.

azattyq.org

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары