$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік банктердің SWIFT-тен қашан ажыратылатыны белгілі болды

SWIFT - қаржылық транзакциялар туралы хабар алмасу қызметі.

SWIFT ресейлік банктер халықаралық төлем жүйесінен ажыратылатынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SWIFT сайтына сілтеме жасап.

Еуропалық Одақ (ЕО) қаулысына сәйкес, 2022 жылдың 12 наурызында жұмыс тоқтауы керек және компания барлық талапты орындауға дайын екенін растады.

"ЕО-ның Ұлыбритания, Канада және АҚШ-пен кеңесе отырып қабылдаған дипломатиялық шешімдері SWIFT-ті ресейлік банктерді қаржылық қызметтерімізден ажырату арқылы осы дағдарысты тоқтату бағытында жұмыс істеуге шақырды. Бұрын айтқанымыздай, қолданыстағы санкциялар туралы заңдарды толығымен сақтаймыз", - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Жеті банкке санкция әсер етеді: ВТБ, "Открытие", "Новикомбанк", "Промсвязьбанк", "Россия", "Совкомбанк" және ВЭБ ("Внешэкономбанк"). Шектеулер осы банктердің клиенті - 50 пайыздан астам ресейлік заңды тұлғаларға да қатысты.
 
SWIFT жаһандық кооператив екенін, бірақ компания тіркелген жері бойынша ЕО және Бельгия заңдарына бағынатынын атап өтті.

SWIFT - қаржылық транзакциялар туралы хабар алмасу қызметі. Оның көмегімен банктер, соның ішінде орталық банктер, инвестициялық институттар мен компаниялар төлем, сауда-саттық немесе бағалы қағаздар туралы хабарламалармен алмасады. Бұл қызмет 1977 жылдан бері жұмыс істейді, оның бүкіл әлем бойынша 11 мыңнан астам қаржы институттары бар.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары