Жаңалықтар 03.03.2022 сағат 21:00

Tiji және Nickelodeon арналары қазақ тілінде хабар тарататын болды

Министр қоғамдық сананы жаңғырту саласында алты негізгі бағыт жатқанын атады.
Tiji және Nickelodeon арналары қазақ тілінде хабар тарататын болды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров министрліктің алқа отырысында айтты, деп хабарлады baq.kz.

Министр қоғамдық сананы жаңғырту саласында алты негізгі бағыт жатқанын атады.

Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде жақында шығады, тұсаукесері өтеді, - деді Умаров.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы басты басымдық – «Ұлттық рухани жаңғыру» және Жол картасы жобаларын сапалы іске асыру.

Бұл стратегиялық құжаттар қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған, - деді Асқар Умаров.

Умаров алға отырысында мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағаланытынын да атап өтті. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар