04.03.2022, 05:00

«Өз ағасы ұрып-соққан»: Өскеменде Маугли секілді өмір сүрген қыздар құтқарылды

stan.kz
Өскеменде ішімдікке салынған отбасының екі қызын құзырлы органдар тартып алды.

Өскеменде ішімдікке салынған отбасының екі қызын құзырлы органдар тартып алды. Инспекторлар жоқшылық пен жанжалды көріп өскен жанұяның 3 жастағы кішкентай қызы әлі күнге дейін сөйлеу білмейтінін, тіпті өз бетімен тамақтануды да білмейтінін айтты. Маугли секілді өмір кешкен бүлдіршіндер сонда да отбасын сағынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Учаскелік кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы аға лейтенант Расул Абаевтың айтуынша, отбасы саяжай кооперативінің шетіндегі шағын үйде тұрады. Ұлы 13 жасынан бастап ата-анасымен бірге ішімдік ішкен тіпті бірнеше рет түрмеде де болған. 

Қыздардың ағасы ішімдік ішпеген кезде оларға қамқорлық танытса, мас кезінде керісінше қысым көрсетіп, сабаған. Ол мас болған кезінде 3 және 7 жастағы әпкелі-сіңілілерді біреуінің басына жарақат келтіргенше соққыға жыққан. Осы оқиғадан соң құзырлы орган қызметкерлері қыздарды үйлерінен алып кеткен.

“Үйлеріне кірсем, шашылып жатыр, өте лас. Қыздарды іздеп жүріп көрпенің астынан тауып алдым. Екеуі де жарақат алған. Кейін оларды алып шығып бара жатқанымда ағасы пышақпен артымыздан жүргірді”, –  деп бөлісті аға лейтенант Расул Абаев.

Инспектордың айтуынша, қыздардың үлкені өздерінің құтқарылғанын түсінбейді. Олар тіпті сондай өмірге үйреніп қалған. Отбасын сағынып, қайта оралғысы келеді. Жігіт кейін болған іске өкінетінін жеткізген.

“Иә қарындастарыммен араласқым келеді. Менің ата-анаммен байланысым жақсы. Өз істегендеріме өкінемін. Мен қазір дәнекерлеуші болып жұмыс істеп жүрмін”, – деді жас жігіт. 

Апалы-сіңлілердің өмір сүрген отбасындағы жағдайы жан түршігерлік. Себебі жуылмаған еден мен үйілген ыдыс-аяқтар, майлы жаймалар мен бос тоңазытқыш және солардың әсерінен жағымсыз өткір иісі бар үйде олар үшін жарқын естелік тек пеш түбінде жататын бұралған мысық болса керек. 

3 жастағы әлі сөйлей алмайтын қыз бен тамақты дұрыс іше алмайтын әпкесін көріп, инспекторлар олардың осы күнге дейін Маугли секілді тіршілік еткенін айтты.

Наурызда ата-ана құқығынан айыру бойынша сот процесі өтіп, қыздардың тағдыры шешілетіні хабарланды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.