05.03.2022, 02:30

Елімізде АЭС салу кейінге қалдырылмақ

Фото: ашық дереккөзден
Бұған қазір әлемде болып жатқан жағдай әсер етіп отыр.

Қазақстанда Атом электБұған қазір әлемде болып жатқан жағдай әсер етіп отыр.р станциясын салу кейінге, шамамен, 2-3 жыл кейінге қалдырылмақ. 

"АЭС салу мәселесін 2-3 жылдан кейін қарастырамыз. Әсіресе, Украинадағы АЭС-тің өртенуі мен оқ астында қалуы себеп", - деп түсіндірді дереккөз иесі.

Айта кетейік, Украинаның Энергодар қаласындағы Запарожье АЭС-ін орыс әскерлері басып алып, кейін ол оқ астында, әскери шабуылдың ортасында қалған еді. АЭС маңында өрт болды. Қазір жағдай орынша. АЭС-тің энергоблогы зардап шеккен жоқ. Әзірше Ресей әскерінің бақылауында.  

Осы оқиғаға байланысты халықаралық МАГАТЭ ұйымы Ресейдің басқа елдерде АЭС салуына шектеу қою мәселесін қарастырып жатыр.

bugin.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: АЭС Қазақстан