$ 443.37  474.49  4.83

Ресей аумағында Facebook желісі бұғатталды

Facebook желісін бұғаттау туралы шешім 2022 жылдың 4 наурызында қабылданған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Роскомнадзор Ресей аумағында Facebook желісін бұғаттады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Роскомнадзор сайтындағы мәлімет бойынша, Facebook желісін бұғаттау туралы шешім 2022 жылдың 4 наурызында қабылданған.

Хабарламаға сенсек, 2020 жылдың қазан айынан бастап Facebook тарапынан ресейлік БАҚ пен ақпараттық ресурстарды кемсітудің 26 жағдайы тіркелгені айтылады.

"Кейінгі күндері әлеуметтік желіге кіру мына басылымдарға шектеулі болған: "РИА Новости", Sputnik, Russia Today, "Лента.ру" және "Газета.ру", - делінген хабарламада.

"Бұл шектеулерге №272-ФЗ "Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтарын, құқықтары мен бостандықтарын бұзуға қатысы бар адамдарға әсер ету шаралары туралы" федералдық заңымен тыйым салынған, оның ішінде ақпаратты еркін таратудың негізгі қағидаларын бұзуға жол бермеу және ресейлік пайдаланушылардың ресейлік БАҚ-қа шетелдік интернет-платформаларда кедергісіз қол жеткізуі", - делінген сайтта.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары