$ 494.87  520.65  4.91

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 525 теңгеге жетті

Астанада долларды сату бағамы 521-522 теңге, сатып алу - 516 теңге аралығында.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 523-525 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, сағат 12.25-те Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 522-525 теңгеден сатады, 517-519 теңгеден сатып алады. Еуро 573-578 теңгеден сатылады, 566-571 теңгеден сатып алады.

Нұр-Сұлтанда долларды сату бағамы 521-522 теңге, сатып алу - 516 теңге аралығында. Бұл жағдайда ақша алмастырғыштардың көпшілігі валюта саудасын тоқтатқан. Еуроны 570-571 теңгеден сатады, 560-564 теңгеден сатып алады.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге артып, 501,64 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы - 499,20 теңге.


 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары