$ 494.87  520.65  4.91

Әскери киіммен ел алдына шыққан Ақтөбе әкімі әрекетін түсіндіре алмай отыр

Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, арнайы киімде азаматтың қандай да бір әскер түріне қатысты екенін анықтайтын погондар мен шеврондар болса ғана ол әскери киім болып есептеледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің әскери шені бар ма? Қаланы әскери киіммен аралаған шендінің киім үлгісіне қатысты жауапкершілік қарастырыла ма?

Telegram желісіндегі kozachkoff парақшасы әскери формадағы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің фотосын жүктеді.

«Консилиумге жиналып, Ақтөбе облысының әкімі Оразалиннің кімнің формасында жүргенін анықтай алмай отырмыз. Әскерилердің айтуынша, олардың камуфляжы емес. ТЖМ де жоққа шығарды. Шекара қызметінің не Ұлттық ұланның шевроны.

Осы жерде орынды сұрақ туындайды. Мәселен, егер бұл ҰҚК-нің формасы болса, облыс әкімінде ол қайдан жүр және көршілерінің қайсысымен ұрыспақшы?» деп жазды kozachkoff.

Жазба желі оқырмандарының қызу талқысына түсті. «Украинаға жасаған қолдау», «Фараон камуфляжы», «Қазақстан шекара қызметі»  деп желі қолданушылары жарыса жазды. Пікірлер арасынан әскери полицияның «Қандай камуфляждық форманы Қазақстан азаматтары кие алмайды?» деген әскери тәртіпті де табуға болады.

Талап бойынша әскери қызметке қатысы жоқ қазақстандықтардың камуфляждық киімдеріндегі белгілерді: шеврондар, погондар және Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін білдіретін басқа да жолақтарын алып тастауы керектігі түсіндірген.

Сонымен қатар, Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, арнайы киімде азаматтың қандай да бір әскер түріне қатысты екенін анықтайтын погондар мен шеврондар болса ғана ол әскери киім болып есептелетіні айтылған.

Желіде қызу талқыға түскен Оңдасын Оразалиннің киіміне қатысты әкімдік пікірін сұрадық.

 – Оған біз пікір білдірмейміз. Ешқандай жауап жоқ. Қандай әскери қызметке тиесілі екенін білмеймін, қасында болған жоқпын, – деді Ақтөбе облысы баспасөз қызметінің өкілі Мұратбек Ержақып.

Белгілі болғандай, әскери киімдегі өңір басшысы ТЖД-нің су тасқынына қарсы өткізген оқу-жаттығу шарасына қатысқан.

Бұл жағдайға «әскери прокуратура қандай құқықтық баға береді?» деген мәселені де көтердік.

– Егер ол кісі бұрын әскери қызмет атқарған болып, запастағы адам болса, рұқсат болуы мүмкін. Егер запастағы болмаса әскери полиция арқылы қарайық. Негізі әрбір адамның жауапкершілігі қаралады, – дейді Ақтөбе гарнизоны әскери прокурор орынбасары Роллан Жанысбаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары