05.03.2022, 17:40

«Ресейдің экономикасы 1998 жылғы дағдарысқа бір-ақ түсті» – орыс олигархы

Фото: ашық дереккөзден
Ресейдің экономикасы тоқырайды.

Ресейдің танымал олигархтары Украинада басталған әскери операцияны тоқтатуды талап ете бастады. Солардың бірі – 16,8 млрд доллар байлығы бар Олег Дерипаска болды.

27 ақпан күні олигарх "Әлемге бейбітшілік керек! Соғысты дереу тоқтатып, келісімге келу керек!" деп жазды Телеграм-арнасында.

Ал бүгін Красноярск қаласында өткен экономикалық форумда Ресейдің жағдайы шындап қиындап кеткенін айтып, тағы да дабыл қақты.

"Ресей экономикалық дағдарыстың темір торына түсті. Мұны мойындауымыз керек. Жағдай өте қиын. Олай деме, олай деуге болмайды дейтіндер шықты. Бірақ мен бейбітшіліктің орнағанын қалаймын. Үш аптадан кейін Ресей банктерінің жағдайы қалай боларын сонда көрерміз?! Серіктестер қалмайды. Бірінен кейін бірі кетеді. Саусақпен санарлығы ғана қалмақ", - деді ол.

Оның айтуынша, Ресейдің экономикасы 1998 жылдардағы дағдарысқа бір-ақ құламақ.

"Бұл санкциялар 2014 жылғыдай емес. Нағыз апат пен тоқырауға апаратын санкциялар. Ресейдің экономикасы тоқырайды. Мемлекеттік капитализацияны тоқтату керек", - деген Дерипаска.

Айта кетейік, ЕуроОдақ 12 наурыздан бастап Ресейдің ірі 7 банкін SWIFT жүйесінен өшіретінін мәлімдеген.

bugin.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.Ук