$ 494.87  520.65  4.91

Келіссөзге қатысқан Украина делегациясының мүшесі өлтірілді

Сонымен қатар, бұл ақпаратты саясаткер Александр Дубинский таратты.

Украинаның қауіпсіздік қызметі ұстау кезінде Гомельдегі бірінші келіссөзге қатысқан Денис Киреевті атып өлтірді. Оған мемлекеттік опасыздық жасады деген күдікке ілінген деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы OBOZREVATEL порталы хабарлады. Сонымен қатар, бұл ақпаратты саясаткер Александр Дубинский таратты.

Бір қызығы, Денис Киреев Президент кеңсесінде келіссөздердің қатысушысы ретінде таныстырылмаған. Оның есімі баспасөз қызметі жариялаған тізімде де жоқ. Бірақ фотолардан оның Киев делегациясы өкілдерінің жанында, яғни үстел басында бірге отырғанын көруге болады.

Денис Киреев – банк секторының сарапшысы. Ол Ощадбанктің басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары (2010-2014) және Укрэксимбанктің бақылау кеңесінің мүшесі (2006-2012) болған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары