05.03.2022, 20:16

«Маңдайларыңа тапанша тақап ату керек»: Журналист ЕЭО-тан шықпау керек деп ақшаға пост жазғандарды қатаң сынады

Фото: ашық дереккөз
Журналист Айсұлтан Жақыпов ЕАЭС-тен шықпау керек деп ақшаға пост жазғандарды қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол  Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кешеден бері қазақстандық типа ломдар ЕАЭС-тен шықсақ құрыдық, өлді 7500 км деген әңгімені айта бастады. Әрине 7500 км жеріміз барын біліп отырмыз. Бірақ, құрдымға кетіп бара жатқанымыз да көбіміз көріп отырмыз. Ақша алып отырған жігіттер Украинаны ашық қолдап отырған еді, бүгін былай секіріп кетті. Сіздерден қорқу керек, сіздер отанды сатып кетесіздер. Құрметсіздер ломдар, мына жерде қақтығыс болса екен деп отыратын сияқтысыздар. Сондай екіжүзді, оңбаған адамсыздар. "Қатын тірлік" деген сөз бар, бірақ қатында да ерлік-жігер бар. Мына сендердің іс-әректтеріңмен қатындарды қорлауға болмайды. Оны малдық іс дейді", - деп сөзін аяқтады Айсұлтан Жақыпов.

ВИДЕОДА БЕЙӘДЕП СӨЗДЕР БАРЫН ЕСКЕРТЕМІЗ.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.