$ 494.87  520.65  4.91

Антикор полициядан қашқан өз қызметкеріне қатысты түсінік берді

7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Кудикенов «Пневмония» диагнозымен ауруханада жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері Қарағанды облысында полициядан қашқан қызметкеріне қатысты тергеу жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Қарағанды облысы бойынша Агенттік департаментінің Жезқазған аймағы бойынша ауданаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Кудикеновтің заңсыз іс-әрекеттері дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Бүгінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Кудикеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылып жатыр.

"7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Кудикенов "Пневмония" диагнозымен ауруханада жатыр. Осыған байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды. Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Антикор қызметкерлерін қуған патрульдік полиция экипажы Қарағанды облысындағы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары