$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін - режиссер Сатыбалды Нарымбетов дүниеге келген күн

Кино саласына бар ғұмырын арнаған талантты тұлғаның артында өшпес мұра қалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. 

Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1 984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 

1970 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды. Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі болып еңбек еткен еді. 
Сатыбалды Нарымбетов көптеген толықметражды көркем және деректі фильмдер түсіріп, оннан астам фильмге сценарий жазды, бірнеше әңгіме жинағының авторы.

Кино саласына бар ғұмырын арнаған талантты тұлғаның артында өшпес мұра қалды.

Ол «Құрманғазы» атты деректі фильмге (1972 жылы), «Зауал» (1981 жылы), «Күзгі бұралаң жол» (1984 жылы) қысқа метражды фильмдерге, «Ұрын келген күйеу» (1987 жылы), «Созақтан шыққан Гамлет» (1990 жылы), «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994 жылы), «Омпа» (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.

Режиссердің «Жас аккордеоншының өмірбаяны» туындысы қазақ киносының алтын қорына енген. Фильм Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ие болған, көптеген халықаралық фестивальдің жүлдегері.

Режиссер мемлекеттік сыйлықтың, Жорж Садуль атындағы сыйлықтың және тәуелсіз «Платиналы Тарлан» жүлдесінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары