$ 443.85  474.3  4.8

Зеленскийді көндіруге Украинаның бұрынғы Президенті кірісті

Украинаның бұрынғы Президенті Виктор Янукович қазіргі Президент Владимир Зеленскийге үндеу жолдап, қантөгісті тоқтатуға шақырды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Украинаның бұрынғы Президенті Виктор Янукович қазіргі Президент Владимир Зеленскийге үндеу жолдап, қантөгісті тоқтатуға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.

«Сіздің «кеңесшілеріңіздің» көп екенін түсінемін. Бірақ сіз қантөгісті тоқтатып, бейбіт келісімге келуге міндеттісіз. Мұны Украина да, Донбасс та, Ресей де күтіп отыр және сізге барша украиналықтар мен Батыстағы серіктестеріңіз де алғыс айтады», – деді Янукович.

Сондай-ақ, ол Зеленскийдің есіне Президент сайлауы алдында берген уәдесін салып өтті.

«Президент болып сайланар кезде Украинада соғысты тоқтатуға уәде бердіңіз. Президент атандыңыз, бірақ бейбіт күн орнамады», – деді экс-президент.

Еске сала кетсек, украиналық БАҚ Ресейдің Януковичті қайтадан Президент етіп тағайындағысы келетінін жазған болатын. Кейін оның жеке ұшағы Минискте бой көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары