Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды, коронавирус пневмониясынан өлім-жітім тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 7 наурыздағы ахуал бойынша, ел өңірлерінде коронавирус белгілері бар пневмонияның тіркелген жағдайлары – 1, қайтыс болды – 0, жазылып шықты – 19 адам . Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан биылғы 7 наурызға дейін пневмонияны 88 326 адам жұқтырды, ал жазылып шыққандардың саны – 81927.
Бұдан бөлек, 7 наурызда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмған. 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 8 наурызға дейін қауіпті індет 1 304 012 адамнан анықталды, жазылды – 1 277 680 адам. Қайтыс болды – 13 635 науқас.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.