Айта кетейік, Роза Әлқожа наурыз айында бірнеше қалада концерт береді. 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнінде әнші Алматыда жеке ән кешін өткізді.
Алматыдағы Республика сарайында өткен концертте бір жігіт залдан жүгіріп шығып, Роза Әлқожаға үйдің кілтін ұстатқан. Ол жігіттің анасы әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын көрінеді. Соның құрметіне жанкүйері оған Алматыдан пәтер сыйлады. Бұл туралы телебағдарламалардың продюсері Әлия Құдайбергенова Instagram-дағы парақшасына жазды.
«Залдан бір көрермен жігіт Розаға қарай жүгіріп шықты да, «Сізді анам жақсы көреді. Шын жүректен Алматыдағы пәтердің мына кілті сізге» деді. Розаны білмедік, біз аң-таң болдық», - деп жазды Әлия Құдайбергенова.
Айта кетейік, Роза Әлқожа 9 наурызда Нұр-Cұлтанда, 29 наурызда Шымкентте, 30 наурыз күні Түркістанда, ал 31 наурызда Қызылордада жеке ән кешін өткізеді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.