Елімізде әуе билеттерінің бағасы 18 процентке қымбаттады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында – 45,7%, Маңғыстауда – 43,2% және Түркістан облысында – 34,8%-ке өскен. Тек Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірлерінде ғана баға бірқалыпты. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында ұшақ билеттерінің құны бұрынғыдан арзандаған.