10.03.2022, 00:29

«Перзентханаға шабуыл жасалды» – Украина президенті (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Зеленский сау-тамтығы қалмаған перзентхананың видеосымен бөлісті.

Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде Украинаның оңтүстік шығысындағы Мариуполь қаласының перзентханасына әуеден шабуыл жасалғанын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

«Орыс әскерлері Мариупольдегі перзентханаға әуеден соққы жасады. Үйінді астында адамдар қалды. Балалар зардап шекті. Бұл – жауыздық! Мұндай жағдайды әлем қашанға дейін елемей отыра береді? Әуе кеңістігін жабу керек. Кісі өлімін тоқтатайық! Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Адамдық қасиетті жоғалтпайық» деп жазды президент.

Сондай-ақ Зеленский сау-тамтығы қалмаған перзентхананың видеосымен бөлісті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.