10.03.2022, 10:00

«Сендерді ешкім күтіп отырған жоқ!»: Шораев Ресейден елімізге қоныс аударушыларға шүйлікті

Фото: Orda.kz
Шораевтың айтуынша, Ресейге әлем елдерінен санкциялар салынғаннан кейін, Қазақстанға қоныс аударуға ниетті ресейліктер көбейген.

Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға қоныс аударып жатқан Ресей азаматтарына ескерту жасады.

Шораевтың айтуынша, Ресейге әлем елдерінен санкциялар салынғаннан кейін, Қазақстанға қоныс аударуға ниетті ресейліктер көбейген.

– Санкциялардан кейін Қазақстанға Ресей азаматтары келіп жатыр. Сендер Украинаның берекесін алып, бейбіт тұрғындар, балалар мен қариялар қаза тапқан кезде үнсіз қалдыңдар. Ресей қалаларына ешкім бомба тастап жатқан жоқ. Сол себепті өздеріңнің «Солтүстік Кореяларыңнан» қашудың еш себебі жоқ. Сендер үнсіз қалуларың арқылы Путиннің қолдаушысы болдыңдар. Бізге келіп, ертеңгі күні «Путин, мұнда әскер кіргіз» дейсіңдер. Сендерді мұнда ешкім күтіп отырған жоқ, билет сатып алмаңдар, – деді Шораев.

Арман Шораев 2004 жылдан 2006 жылға дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ орталық бюросын басқарды. Кейін «Хабар» Агенттігі» АҚ бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы маусымнан бастап 2014 жылғы қарашаға дейін «Коммерциялық теледидар арнасы» АҚ «КТК»-ның бас директоры болды. 2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі болды.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.