Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 508,62 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақша айырбастау орындарында доллар 517-519 теңгеге сатып алынып, сатылып жатса, еуро 595-607 теңгеден, рубль – 4-5,2 теңгеден саудаланып жатыр.
Ресей рублінің бағамын Ұлттық банк 10 наурызда 3,98 теңге, еуроны 559,27 теңге деп белгіледі. Кешегі сауда-саттықта қытай юанінің орташа сараланған бағамы 81,01 теңге болды.
Ал 10 наурыздағы саудада мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 110,38 доллар болды.
Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 2,92%-ға өсіп, 114,39 долларға жетті.